00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бала туу және бала күтімі бойынша 150 мыңға жуық жәрдемақы рәсімделді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бала туу және бала күтімі бойынша 150 мыңға жуық жәрдемақы рәсімделді
ашық дереккөз

Айта кетейік, бала туу бойынша жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты жәрдемақы – 120 840 теңге (2022 жылы 38 АЕК), одан кейінгілеріне – 200 340 теңге (63 АЕК) болады.    

Ал жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы:

Бірінші бала күтімі бойынша – 18 317 теңге (5,76 АЕК);

Екінші бала күтімі бойынша – 21 656 (6,81 АЕК);

Үшінші бала күтімі бойынша – 24 963 теңге (7,85 АЕК);

Төртінші және одан да көп бала күтімі бойынша – 28 302 теңге (8,90 АЕК).

 Баланың бір жасқа толғанға дейінгі (босанғаннан кейін) күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдерге ғана тағайындалады. Төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа да байланысты болады. Төлемді есептеу үшін кейінгі 2 жылдағы орташа айлық табысты 0,4-ке көбейтіп, зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалу қажет. Орташа айлық табыс 24-ке бөлінген кейінгі 2 жылдағы барлық ай сайынғы кірістердің сомасы ретінде есептеледі.