00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді
ашық дереккөз

Қала мешіттерінде 9 шілде күні таңғы сағат 7.00-де Айт намазы мешіттерде оқылады.

Нұр-Сұлтан қаласында құрбан шалу екі бағытта өткізіледі: онлайн және оффлайн. Пандемия басталған кезде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қашықтан құрбан шалу жүйесін іске қосқан еді. Биыл да арнайы сайт іске қосылды, сол себепті де тұрғындар өз ыңғайына сәйкес құрбандық шала алады. Яғни, оффлайн құрбандық шалу дегеніміз арнайы орындарында іске асырылады. Ал онлайн құрбандық шалу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының QURBAN2022.kz сайты арқылы жүргізіледі, - деді Н.Әлмұханов.

Елордада арнайы жеті құрбандық шалу орындары бекітілді.

Олар:

Байқоңыр ауданы бойынша:

«Жайлау» базары, Алаш тасжолы, С 313 көшесі;

«Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6;

«Шопан ата» базары;

«Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат;

«Шаушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;

«Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1 а;

Сарыарқа ауданы бойынша:

«Ұлжан» әмбебап базары, Н.Тілендиев көшесі, 24.

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуынша, құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына үлестіріледі.