00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Күзде «Құрылтай» мобильді қосымшасы іске қосылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Күзде «Құрылтай» мобильді қосымшасы іске қосылады
ашық дереккөз

Онда әр азаматтың өз ұсынысын білдіріп, толғандырған мәселелерді жолдауға мүмкіндік қарастырылған

Ұлттық құрылтай – халық пен билікті біріктіретін үлкен алаң. Мемлекет басшысының шешімімен 117 адам құрылтай құрамына енді. Бірақ бұл тізім алдағы уақытта ауысып тұрады. Белсенді, өз ойы бар, халық пен ел үшін ортақ мәселеге үлес қосамын деген кез келген азамат құрылтайға қатысып, мүше бола алады. Осы ретте, Мемлекет басшысы арнайы «Құрылтай» деп аталатын мобильді қосымша іске қосылатынын айтқан еді. Аталған қосыша қазір дайындалып жатыр. Алдағы күзде іске қосылады. Онда eGov жүйесі сияқты әр азамат өз ұсынысын жолдап, толғандырған мәселелерді айтатын мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, бұл қосымшада жүйеге келіп түскен мәліметті я болмаса ақпаратты қорғау жағы да қарастырылған. Толық мәлімет қосымшаның тұсаукесері болған кезде айтылады, - деді Б.Жексенбай.

Оның айтуынша, бұл құрылтайдың бұрынғыдан ерекшелігі аймақтық, облыстық кеңестен өкілдер қатысады. Бұл жергілікті жердегі түйіткілді мәселенің көтерілуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, отандық телеарналарда айына бір рет «Құрылтай» деп аталатын арнайы жоба ұйымдастырылмақ.