00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алакөлдегі әуежайларда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алакөлдегі әуежайларда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
ашық дереккөз

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 75 пайызға орындалған. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың III тоқсанының басына жоспарланып отыр.

Бүгінде бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру және электрмен жабдықтау желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, РД-5 және РД-6 (РД - рульдеу жолы) негіздері және периметрлік қоршау бағаналары орнатылып жатыр. Осы жылдың 15 мамырынан бастап бетоннан ұшу-қону жолағы жабынының жоғарғы қабатын орнату жұмыстары басталды, – делінген хабарламада.