00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тәжікстан, Қырғызстан мен Түркіменстанда ресейлік телеарналар көрсетілмейді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тәжікстан, Қырғызстан мен Түркіменстанда ресейлік телеарналар көрсетілмейді
ашық дереккөз

Ресейлік телеарна елдегі ең ірі провайдер Ақнеттің экранынан жоғалып кетті. Компанияның айтқан сөзін төменде келтіреміз.

 Бірқатар елде жалпыресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулердің қабылдануына байланысты халықаралық спутниктерде ВГТРК телеарналарының хабар таратуына біржақты тосқауыл қойылғанын хабарлаймыз. Осы себепті «Россия культура», «Россия 24» және «Звезда» телеарналарының хабарлары уақытша қолжетімді емес, - делінген баспасөз хабарламасында.

Шетелдік арналардың  барлығы дерлік спутник арқылы қаралатын Түркіменстанда да осындай мәселе байқалады. Тәжікстан телеарналарында «Россия 1», «Россия 24» және «Бірінші арна» жоқ. Бұл ретте НТВ, РенТВ, РБК телеарналары хабар таратуды жалғастыруда. Спутниктік операторлар бұл құбылыстың резервтік трансляция қосылғанша  екенін айтады.

Бұған дейін қазақстандық белсенділер ресейлік телеарналарды таратуды тоқтату туралы петиция көтерген болатын. Олар «әсіресе, орыстілді посткеңестік кеңістіктің миын шаю құралына айналған ресейлік телеарналардың әрекеті кәсіби этика мен жалпыадамзаттық моральға ғана қайшы келеді» деп есептейді…