Теміржол қауіпсіздігі ережелерін елемегендерге айыппұл сомасы артуы мүмкін
Ол көп жағдайда жаяу жүргіншілер теміржолдан өтуге арналған көпірлер мен арнайы белгіленген жолақтарды пайдаланбай, қауіпті учаскелермен жүретінін айтты. Осының салдарынан қайғылы оқиғалар болып жатады.
Компания «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің теміржолдың белгіленбеген тұсынан өту, теміржол жолағында мал жаю және өзге де ереже бұзу деректеріне айыппұлдарды ұлғайту бөлігіне өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Бұл ұсыныстар Әділет министрлігінің қарауына енгізілген. Осы орайда бұл қадамдар тұрғындардың ереже бұзбауына әсер етеді деп ойлаймыз. Қазір айыппұл 3 АЕК сомасында. Біздің ұсыныс бойынша ереже бұзғаны үшін айыппұлды 30 АЕК-ке дейін көтеру ескерілген. Әділет министрлігінде бұл бастамаға қатысты мәселелер әлі де пысықталып жатыр, - деді Бақытбек Алдажаров.