Теміржол билеттерінің онлайн-сатылымы 16 пайызға артты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жол жүру құжаттарының онлайн-сатылымы, әсіресе карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін айтарлықтай өскен.
2019 жылғы шілде айынан бастап ұлттық тасымалдаушы компания теміржол билеттерін сатуды толығымен «Мобиус» электронды жүйесіне ауыстырды. Бұл бастама өз кезегінде өткізу арналарын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беріп, азаматтар үшін билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға әсер етті.
Қазіргі күнде жол жүру құжаттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі билет кассалары (164 касса (оңтайландыруды ескере отырып), 3 мың касса агенттіктері мен пошта бөлімшелері, 15 интернет сайт пен мобильдік қосымшалар (оның ішінде bilet.railways.kz сайты мен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасы) және 30 мың өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы сатылымға шығарылады. Сонымен қатар бірнеше рет бір үлгіде сұрау салу (орын ұстау мақсатында) кезінде жүйені пайдаланушыны бұғаттау есебінен жүйелі түрде билеттерді қайта сату фактілерін сондай-ақ тұтынушыға брондалған орындар фактісі туралы sms-хабарламаны растай отырып, «Күту парағы» бойынша кезектілік тәртібімен жол жүру құжаттарын сатып алуға тосқауыл қою мақсатында кешенді шаралар қабылданды, – делінген ақпаратта.
2022 жылдың алғашқы төрт айында «Күту парағы» қызметі арқылы 18 мыңнан астам билет рәсімделген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.