00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз

Қазір Qnet компаниясының қызметіне қатысты Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деді Рустам Әбдірахманов.

Полиция өкілінің айтуынша, тергеу барысы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасына сайкес кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Компанияның банктік және инвестициялық қызметке лицензиясы мен рұқсаты жоқ, - деді ол.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан түскен 220 шағым тіркелген.