Былтыр Қазақстанда әрбір бесінші рейс уақытында ұшпаған
15 тамыз, 2024


ашық дереккөз
Депутат Елнұр Бейсенбаев елде рейстер уақытының кешіктірілуін сынға алды. Мысалы, 2020 жылы 51 мыңға жуық рейстің 6 735-і кешіктірілген. Яғни әрбір сегізінші рейс уақытынан кеш ұшады. Ал 2021 жылы 68 700 рейстің 12 800-і кешіктіріліп, әрбір бесінші рейс әуеге уақытында көтерілмеген.
Көш жүре түзеле ме десек, керісінше борттардың кешігуі екі есе көбейген. Әуе компаниялары әуе рейстерінің кешігуін көбінесе ауа райымен байланыстырады. Алайда өткен жылы кешіккен 13 мыңға жуық рейстің 912-сі ғана осы ауа райының қолайсыздығынан ұша алмаған, – дейді арна тілшісі.
9 045 ұшақ рейсі борттың кешігіп келуіне байланысты уақытында әуеге көтерілмеген. Оның ішінде SCAT пен Qazaq Air әуекомпанияларына тиесілі әрбір төртінші рейс кешігеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 21:03
Елордалық әйел гауһар сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Бүгін, 20:09
Елімізде қанша тауар биржасы бар?

Бүгін, 19:15
«Қазақ қырқынан шықпаған баланы «әлі жердің баласы емес» деп барынша сақтаған» – этнограф

Бүгін, 17:36
«Жиенін 16 жылдан кейін тапты»: Ақтаулық келіншектің жан тебірентерлік оқиғасы