«Осындай шудан өздеріне қол жұмсап жатыр»: Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповтың күйзелісі туралы айтты

Видеодан скрин: youtube.com/@balymbetov
Әнші Ақерке Бүркітбай жары Әли Оқаповтың «Құрмет» орденін алғаннан кейінгі желідегі жұрттың реакциясынан күйзеліске түскенін айтты. Бұл туралы Elordainfo.kz Тимур Балымбетовтің YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Оны суретке түсіріп салған мен едім. Екінші күні шу басталды. Кореяда осындай шудан көп әртіс өздеріне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі жағдайында қандай арпалыс болғанын біз сырттай көрдік. Барынша қолдауға тырыстық. Өте қиын кезең болды. Оны да жеңіл көретін адамдар болуы мүмкін. Оның ішінде анамыздың атына да өте ауыр сөз келді. Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек», - деді Ақерке Бүркітбай.
Ұқсас жаңалықтар

13 қыркүйек, 2025
Қайрат Нұртастың қызы жаңа көлігін көрсетті

12 қыркүйек, 2025
Фариза Төреәлі баласын алғаш рет көпшілікке көрсетті

2 қыркүйек, 2025
Елімізде Димаш Құдайбергеннің продюссерлік етуімен Қытаймен бірлескен халықаралық музыкалық шоу түсіріледі

27 тамыз, 2025
Әнші Заттыбек Көпбосынұлының отбасы қара жамылды