«Жиенін 16 жылдан кейін тапты»: Ақтаулық келіншектің жан тебірентерлік оқиғасы

Бүгін, 17:36
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
«Жиенін 16 жылдан кейін тапты»: Ақтаулық келіншектің жан тебірентерлік оқиғасы
Фото: Lada.kz/видеодан скриншот

Ол өзінің бауырын Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінен тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оның әпкесі  қайтыс болғаннан кейін артында Асхат есімді 2 жасар бала қалған. Сәбиді әкесі өзімен бірге Қазақстанға алып кетіп, отбасын құрған. Ал кішкентай ұлдың тәрбиесімен атасы мен әжесі айналысқан.

Ал Эльвира әпкесінің баласы яғни жиенін жылдар бойы іздеген. Бастысы ол үмітін үзбеген. Көп уақыт өтпей 18 жастағы туысының Маңғыстау облысында Отан алдындағы борышын өтеп жүргенін білген. Содан ол облыс бойынша сарбаздардың аналарының комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаеваға хабарласқан. Кейін баланың 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүргені расталған. Содан сарбазды мамандар туысымен кездесуге психологиялық тұрғыдан көмек беріп, қолдау көрсетіп, дайындаған. Осы уақыт аралығында Эльвира бауырымен телефон арқылы сөйлескен.

Әпкесі мен жиеннің кездесуі 25744 әскери бөлімінде өткен.