Тоқаев 9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қояды


6 мамырда елордадағы «Қазақстан» концерт залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Онда Мемлекет басшысы ардагер әскери қызметшілерді, қатардағы әскери қызметкерлерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Жеңіс күніне орай «Құрмет» мемориалды монумент алдына гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсету жоспарлануда, - деді Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департамент басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев.
Оның айтуынша, 7 және 9 мамыр күндері өтетін іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және Отан үшін қаза тапқандардың ерлігін есте сақтап, тағзым етуге бағытталған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының қатысуымен 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Аталған дәстүр еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады, - деді ол.
Еске сала кетейік, биыл елімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай мерекелік парад өтпейді.



