00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Оразадағы 99 шақырым» велошеруі өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Оразадағы 99 шақырым» велошеруі өтеді
ашық дереккөз

Веломарафонға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы айналма тас жолды толық жүріп өту керек. Қашықтығы – 99 шақырым.

Велошеру соло (solo) тәсілінде өтеді, яғни бір ғана адам қатысады. Қатысушы – әуесқой велошабандоз, ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы, Хабар 24 арнасында шетелдік шолушы, «Толық адам және 4 даму жобасының» авторы. Веломарафон кезінде арнайы жейде, жалаулар, баннер қолданылады.

Велошеру Әзірет Сұлтан мешітінің алдынан бастау алады. Нақты мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 48. Бұл бастамаға «Ислам – бірлік пен ынтымақ діні» жылы аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау көрсетіп отыр.

Велошеру нәтижесі – қашықтығы, уақыты және басқа мәліметтер Relive, Strava, Samsung Health ұялы қосымша бағдарламалары арқылы тіркеледі. Жол бағдарын Strava бағдарламасынан онлайн бақылап отыру және YouTube-тегі Ernat Melsuly арнасы арқылы тікелей эфир (streaming) жасау мүмкіндігі қарастырылған.         

Велошеру бағдары:

  • Сөре Әзірет Сұлтан мешітінің алдында басталады;
  • Рақымжан Қошқарбаев даңғылының бойымен жалғасады;
  • Абылай хан даңғылына оң жаққа түседі;
  • «Астана-Қарағанды» тас жолымен жалғасады;
  • Оңға, әуежай жаққа айналма тас жолға түседі;
  • Айналма жолмен астананы айналып шығады;
  • Оң жаққа «Астана-Қарағанды» тас жолына түседі;
  • Абылай хан даңғылымен жалғасады;
  • Сол жаққа Рақымжан Қошқарбаев даңғылына түседі;  
  • Мәре Әзірет Сұлтан мешітінің алдында түйінделеді.

Мәренің болжалды уақыты ауызашарға, яғни сағат 20:38-ге дейін. Ұзақтығы 8 сағатқа созылуы мүмкін. Бәрі ойдағыдай өтсе, ас-су ішпей-жемей өткізілген веломарафон ретінде Қазақстанның алғашқы рекорды болып тіркеледі.