00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Спанч Боб енді қазақ тілінде сөйлейді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Спанч Боб енді қазақ тілінде сөйлейді
ашық дереккөз

Талапқа сай келісім шарт өткен жылы жасалған. Қазақстандықтар көптен күткен қуанышты оқиғаның куәгері болып, анимациялық телехикаяның үзінділерін әлеуметтік желілерде бөлісті.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірістік қызмет басшысының айтуынша, бүгінгі таңда отандық актерлер мен дикторлар 11 мультфильмнің аудармасын жасауда, олар:  «Чупи мен Дуду», «Робокар Поли», «Монстры»,  ертегілер, «Лиза мен Тема» және басқалар.

Сондай-ақ кинокомпанияда «Спанч Бобтың» 265 сериясы аударылып, дыбысталғанын атап өтті.

Мульфильмнің аудармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар контентін мемлекеттік тілде дамыту шеңберінде іске асырылды. Nickelodeon бағдарламалары 70 елде 22 тілде таратылады. Арнаның ең танымал кейіпкері - Спанч Боб. Бұл күлкілі теңіз губкасының басынан кешкен оқиғаларын бүкіл әлемдегі ересектер де, балалар да көреді.