17 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

17 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
17 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері наурыздың 17-сі күнгі күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін жоғары атмосфералық қысым әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болуы мүмкін. Қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +5+7°C шамасында болады, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +15+17°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.