00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қыс мезгілінде республикалық жолдарда 400-ден астам көлікке көмек көрсетілді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қыс мезгілінде республикалық жолдарда 400-ден астам көлікке көмек көрсетілді
ашық дереккөз

Республикалық жолдарда биылғы қыста ауа райына, яғни боран, тұман, жолдарда көріністің нашарлауына байланысты 467 рет көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолдарды күтіп ұстауға 1 090 арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, осы мезгілде 78 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқан, 4 802 уақытша жол белгілері орнатылды. 8 мыңнан аса шақырымда қар үйінділері, 114 мың шақырым қар траншеялары ұйымдастырылды. Көктайғақ жолдарға 20 мың тоннадай тұз, 57 мың мекше метр құм, 500 тонна химиялық реагент себілді.

Сондай-ақ, қыс басталғалы қиындыққа тап болған 400-ден астам көлікке көмек көрсетілді. 168 техника жылы бокстарға, 1 мыңнан аса адам «Қазақавтожол» мекемесінің жылыту тіректеріне жеткізілді.