Қазақстандықтар қандай смартфон брендін көбірек жақсы көреді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
StatCounter дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтарда әлемдегі ең танымал ұялы телефон Apple болған. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 29,5%-ды құрайды.
Екінші орында Samsung компаниясы тұр, оның нарықтағы үлесі – 27,2%. Үшінші орында – Xiaomi, оның нарықтағы үлесі – 11,5%.
Ал Қазақстанда Samsung бренді ұялы телефондар нарығында көшбасшы болып тұр: оның нарықтағы үлесі 36,1%-ды құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 41% болған.
Екінші орында Apple келеді: алма-брендтің нарықтағы үлесі – 26,6%, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 20% болған.
Үшінші орында Xiaomi тұр, нарықтағы үлесі – 17%, 2021 жылғы қаңтардағы көрсеткіш – 15,2%.
Сондай-ақ үздік бестікке Oppo және Huawei компаниялары да енді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:37
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды