Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөз

15 ақпанда Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының шығысында қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран күтіледі, солтүстігінде, батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. 15 ақпанда түнде басым бөлігінде, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыста жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Ал Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

15 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан түнде және таңертең таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с жетеді. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ, жолдарда қар көшкіні болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

15 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қар жауады. Боран күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде қар жауады, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.