00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда үш адамды қағып кеткен шетелдік азамат Түркістанда ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда үш адамды қағып кеткен шетелдік азамат Түркістанда ұсталды
ашық дереккөз

7 ақпан сағат 23:00 шамасында белгісіз жүргізуші Жапек батыр-Комсомол автожолының бойымен солтүстік бағытта үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі қайтыс болды, екеуі түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауданның орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жүргізуші анықталып, ұсталды. Ол көрші мемлекеттің азаматы, Іле ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша жергілікті полицияда тіркелді, күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Іле АПБ бастығы Бауыржан Қабдулданов.

Тексеру барысында Өзбекстан азаматы өзі үшін көлік құралын сатып алғаны белгілі болды, бірақ күдіктінің көлік жүргізу құқығына құжаттары жоқ болып шықты.

Жол көлік оқиғасынан кейін күдікті жасырыну мақсатымен Түркістан облысына жолға шыққан. Бірақ тәжірибелі жедел уәкілдер оның тұрған жерін анықтап, Алматы облысы Іле ауданының полициясына жеткізді.