Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
ашық дереккөз

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 7 ақпанда қар көшкіні болуы ықтимал. Осы ретте, ведомство азаматтарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы жақсарғанға дейін тауға шықпау керектігін ескертті.

Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар жамылғысы тұрақсыздығынан 7 ақпанда қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тік қарлы беткейлерге шығуға болмайды, - деді қалалық ТЖД өкілі.