00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаны жиі пайдаланады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаны жиі пайдаланады
ашық дереккөз

Лабораторияның талдауына сенсек, қазақстандағы балалардың басым бөлігі, яғни, 32 пайызы YouTube-ті пайдаланады екен. Екінші орында – WhatsApp қосымшасы тұр. Оған кететін уақыттың мөлшері – 22 пайыз. Үшінші орында – TikTok. Оның пайыздық үлесі – 16.

Балалар YouTube желісінен көбіне ойынға қатысты контент іздеп көреді. Оның үлесі – 28 пайыз. Блогерлердің ойынын көреді, Minecraft сынды ойындарды ойнайды.

YouTube-те сұранысы жоғары каналдарға MrBeast, EdisonPts және Paluten арналары жатады. Одан бөлек, Genshin Impact пен Poppy Playtime сынды ойын арналары бар.

Ал балалардың YouTube-те іздейтін екінші тақырыбы – музыка. Оның үлесі – 19 пайыз. BTS, BlackPink, Lil Nas X, Ariana Grande және Twice сынды әншілер мен музыка топтарының әнін жақсы тыңдайды.

Үшінші орындағы тақырып – фильм, мультфильм мен телешоу. Оның үлесі – 12 пайыз. Көбіне «Пеппе шошқасы» (Свинка Пеппа), «Лунтик», «Барбоскиндер» мен «Леди Баг және Супер Мысық» мультфильмдері, «Веном-2» және «Өрмекші адам: үйге қайтар жол жоқ» атты фильмдерді көрген.

Ата-ананың балаға қарағаны, оның сандық қызығушылығына мән бергені жөн. Балаға тәрбие беруге, отбасымен, достарымен жақсы қарым-қатынас жасауына үлкен әсер етеді. Баламен отырып танымдық видеолар көргеніңіз, тарих, химия, физиканы үйретуге тырысқаныңыз құба-құп, - дейді компанияның Қазақстан мен Орта Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.