00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 670-тен астам адам қамаудан босатылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 670-тен астам адам қамаудан босатылды
ашық дереккөз

ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазиннің мәліметінше, сот тағайындаған жазаларды жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сатыға 1 758 өтініш берген.

Бүгінгі таңда 676 азамат прокурорлардың өтінішхаты бойынша қамаудан босатылды. 344 адамға салынуы тиіс айыппұл ескертуге ауыстырылды. Жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған прокурорлардың 738 өтініші қаралып жатыр, – деді А. Сарғазин.