00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТЖ режимі: елордалық полицейлер елді мекендерді аралауда

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТЖ режимі: елордалық полицейлер елді мекендерді аралауда
ашық дереккөз

Еске сала кетейік, елордада ТЖ режимі аясында коменданттық сағат 23.00-ден таңғы 07.00-ге дейін жалғасады.

Сондай-ақ қалада профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, полиция елді мекендерді аралап жүр. Осы кезеңде заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу және көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 4649 жалдамалы тұрғын үй мен 420 хостел тексерілді. Тексеру барысында 1372 көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды, 38 шетелдік елден шығарылды. ТЖ режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 30-ы қамауға алынып, 137-сіне айыппұл салынды.

Елордадағы жол қауіпсіздігі де бақылауда. ТЖ кезінде мас күйде көлік жүргізудің 10 фактісінің жолы кесілді, барлық жүргізуші сот шешімі бойынша қамауға алынды.

Осы қиын кезеңде азаматтар тарапынан немқұрайдылыққа жол берілмейді. Еске саламын, төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензиясынан айыруға дейін қатаң жазаланады, - деді Нұр-Сұлтан қаласының коменданты Ержан Сәденов.

Полиция бекеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Олар орнатылған сәттен бастап 50 мыңға жуық автокөлік тыйым салынған заттарды анықтау үшін мұқият тексерілді. Қала бойынша және блок-бекеттерден 2 тегіс ұңғылы «сайға» қаруы, «РГД-5» оқу-жаттығу гранатасы, «CZvz.27» маркалы тапанша, травматикалық тапанша, дене броньдары, оқ-дәрілер, 11 бит, 5 резеңке таяқшалар, кастеттер, таяқшалар, пышақтар, аэрозольді тапанша, тұтқалар және бұрыш спрейі тәркіленді. Барлық факті бойынша тексеру жүргізіледі.

Блок-бекетте есірткіні заңсыз сақтаудың 2 фактісі анықталды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері тоқтаттқан көліктердің бірінен ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы жолаушыны анықтады. Оның маусым айында Павлодарда ұрлық жасағаны анықталды. Қарағандыда осындай қылмыс жасаған 36 жастағы жолаушы ұсталды. Күдіктілер ұсталып, іздеу бастамашыларына тапсырылды.

Қалалық комендатура азаматтарды коменданттық сағатты сақтауға, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбауға шақырады. Заңсыз әрекеттің бәрі дереу тоқтатылады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді», - деп толықтырды комендатура.