Қазақстанда пойыз билеттерін сататын сайт интернетсіз жұмыс істеуде


Айта кетейік, елімізде бүкіл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы толық қалпына келді. Қазіргі таңда сапарға шығуға асыққан жолаушылар саны артқан. Осылайша жолаушылар вагондарының толуы 90 пайыздан асып кетті. Сондықтан ҚТЖ қосымша пойыздарды іске қосатын болды. 7 қаңтардан бастап компания темір жол билетін Bilet.railways.kz сайтында және Kaspi.kz қосымшасында интернетсіз сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл жаңалық вокзалдарда касса алдындағы ұзынсонар кезекті азайтуға ықпал етті. Сондай-ақ аталған сайт арқылы кез келген бағытқа билеттің бар-жоғын білуге болады. Темір жол инфрақұрылымына тиесілі 15 мыңнан астам нысан толық сақталған, стратегиялық ғимараттар зардап шеккен жоқ. Компанияның су, жарық, жылумен және байланыспен қамтитын вокзал шаруашылықтары қалыпты жұмыс істеп тұр.



