Банк қызметкерін алаяқтан қалай ажыратуға болады (ВИДЕО)
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Өкінішке қарай, көп адам алаяқтар әрекетінен зардап шеккені жасырын емес. Полицияға осындай шағыммен жүгінетін адамдардың саны күн санап өсуде. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті банк қызметкерлерін алаяқтардан қалай ажыратуға болатынын видео-ролик арқылы түсіндірді.
Банк қызметкері:
- Сіз операцияны өзіңіз жасап жатырсыз ба? деп сұрайды. Иә немесе жоқ деп жауап берсеңіз жеткілікті.
Алаяқ:
- Сізде ақша ұрланып жатқанын айтып қорқытады
- SMS-код сұрайды
- Құпиясөзді өзгертуді ұсынады
- Ақшаны басқа біреудің картасына немесе уақытша электрон әмиянға аударуды сұрайды.
Алаяқтың өзге де әрекеті туралы видеодан көріңіз.
Ұқсас жаңалықтар