00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлаған күдікті іздестірілуде

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлаған күдікті іздестірілуде
ашық дереккөз

Тонаушы 19 миллион теңге бар сөмкені ұрлап кеткен.

Тонау әрекеті 21 желтоқсан кешке Солнечный ауылында №5 үйдің жанында болған.

«Қылмыскер 73 жастағы зейнеткердің ішінде 19 миллион теңгесі бар сөмкесін ұрлаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (тонау) бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыскерді ұстау үшін алты арнайы топ құрылған. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

«Тонау орнындағы аулаларды аралап, жәбірленушінің таныстары да тексеріліп жатыр», - деп нақтылады полиция.

Жәбірленушінің оның түрін көрмеуі қылмыскерді табуды қиындатып отыр. Күдіктіге қатысты оның бойы шамамен 170 см екенін, куртка кигенін ғана айта алған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері куәгер болған немесе күдікті туралы ақпараты бар барлық адамға дереу 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, зейнеткер көптеген жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ақшасын үйде қалдыруға қорқады, банкке сенбегендіктен, өзімен бірге алып жүреді.