Кәсіпкерді 42 млн теңгеге алдап кеткен қазақстандық шетелде ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ақмола облыстық Полиция департаменті 2014 жылы жасалған қылмыс ашылғанын мәлім етті.
Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны жергілікті кәсіпкердің 42 млн теңгеден астам сомадағы қаражатын иемденіп, оған жоғары технологиялық жабдық қоюға уәде беріп, жеткізу шартының жалған құжаттарын ұсынған, – дейді ПД баспасөз қызметі.
Бұл факт ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша дерекқорға енгізілген.
Жәбірленушіден алынған ақшаны қаскүнем несие бойынша қарыздарын жабуға жұмсап, Қазақстаннан кетіп отырған екен.
Алаяқтық жасады деген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Оны елге қайтару процесі 2021 жылғы қарашада Майндағы Франкфуртте ГФР құқық қорғау органдары мен ҚР ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Ұқсас жаңалықтар