00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жасанды ми пинг-понг ойнауды үйренді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жасанды ми пинг-понг ойнауды үйренді
ашық дереккөз

Ғалымдар өздерінің экспериментінде мидың миллион шақты тірі жасушасын қолданған. Оларды микроэлектродтар жалғанған Петри ыдысына салған. Нәтижесінде шағын ми пинг-понг ойнап және бұл істе жасанды зердеге қарағанда әлдеқайда жоғары нәтиже көрсеткен. 

Тірі жасушалар негізінде жасалған синтетикалық мидың мүмкіндіктерін көрсету үшін ғалымдар Pong симуляторының шағын нұсқасын жасаған, онда допты қабырғадан виртуалды ракетканың көмегімен қайтарып алу керек. Жасушалардың нейрондары доптың әрекетіне жауап беріп, оны ұрып алу үшін ракетканы дұрыс орналастырған.

Cortical Labs жетекші ғылыми қызметкері Бретт Каганның (Brett Kagan) мәлімдеуінше, әдетте жасанды зердеге әлдебір ойынды үйрену үшін бірнеше мың амал керек болса, синтетикалық миға небәрі бес-алты партия жеткілікті болған. Сондықтан болашақта мұндай мидың көмегімен биороботтарды жасап шығаруға болады.