00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтің 50 түрін көрсетеді – Жамаубаев

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтің 50 түрін көрсетеді – Жамаубаев
ашық дереккөз

Қаржы министрлігі бүгінде мемлекеттік қызметтің 50 түрін көрсетеді, оның 46-сы немесе 92%-і электронды түрде көрсетіледі. Биылғы 11 айда 17,9 млн-ға жуық қызмет көрсетілген. Олардың 17,4 млн-ы немесе 97,2%-ы электронды түрде, - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, негізгі қызмет түрлері салық салу мен кеден бағытына тиесілі. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін қысқарта отырып, мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялау азаматтар мен бизнестің уақыты мен шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызмет көрсетушімен тікелей қарым-қатынас азаяды. Бұл коррупциялық тәуекелді барынша қысқартуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді министр Мәжілісте.

Сонымен қатар ол салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін қызметтерді «eGov mobile» мобильді қосымшасына және банктік қосымшаларға көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.