00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаржылық пирамида құрып, 16 адамды алдаған алаяқ қолға түсті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаржылық пирамида құрып, 16 адамды алдаған алаяқ қолға түсті
ашық дереккөз

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған алаяқ көптеген сайттарды пайдаланып, жалған сатылымдар ұйымдастырған.

«Қ. есімді адам ғаламтордағы “WhatsApp” мессенджерінен “Wall Street”, “Вклад чат Ергазы” және “Inspider” атауларымен чаттар ашып, жалған ақпарат таратқан. Қаржылық пирамиданы құрып, 16 адамға 4 563 800 теңгеге мүліктік залал келтіргені анықталды. Қылмыстық іс-материалы сотта қаралуда. Бұдан бөлек, алаяқтар OLX, Kolesa.kz және т.б. сайттарды пайдаланып, жалған сатылымдар ұйымдастырған. Онда тұрғын үйдің, қымбат көліктердің және т.б. бағалы заттардың суреттерін қойып, арзан бағасын көрсеткен. Оған қызығушылық танытқан және бағасына келіскен азаматтарға 10 пайыздық немесе белгілі бір мөлшердегі ақша-қаражаттарын аудартып алып, ізін жасырып, алдап соғуда», – деді Полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Мұхтарұлы.

Ақпарат ретінде айта кетсек, облыс бойынша ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша алаяқтықтың 642 дерегі тіркелген. Оның ішінде интернет-алаяқтық 342 болып отыр.