00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жойқын жарылыстан баспананың түгі қалмай жанып кетті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жойқын жарылыстан баспананың түгі қалмай жанып кетті
ашық дереккөз

Жарылыстан баспананың түгі қалмаған. Ал үй ішінде болған үш студент қазір ауыр жағдайда емханада жатыр. Оларды көршілері құтқарып қалыпты. Дегенмен, екі студенттің денесінің 95 пайызын күйік шалған. Ал 22 жастағы қыз баланың жағдайы әзірге жаман емес.

КТК арнасының хабарлауынша, түнгі сағат бір шамасында жылыту қазандығы гүрс етіп жарылған. Жойқын жарылыстың дыбысын естігендердің айтуынша, үйдің төбесі бірден көкке ұшыпты. Зәре-құты қалмаған көрші жігіттер қаумалап жүріп жалын құшағында қалған үш студентті сыртқа шығарып алған. Кейін тағы да кішігірім жарылыс болған. Жарты сағат өтіп өрт күшейген кезде құтқарушылар келіп, қызыл жалынды зорға дегенде ауыздықтаған. Үйдің 120 шаршы метрі түгі қалмай жанып кеткен. Түн ортасында өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылыпты.

Жойқын жарылыстың себебі әлі анықталмады. Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.