Қарағанды облысындағы шахтада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, жарылыс кезінде жер астында 64 адам болған.
«Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деді әкім Facebook-тегі парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар