00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанайлық азамат картасына "адасып келген" 416 млн теңге үшін сотталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қостанайлық азамат картасына "адасып келген" 416 млн теңге үшін сотталды
ашық дереккөз

Белгілі болғандай, 55 жастағы кәсіпкер досының картасын сұрап алып, тауар сатып алу үшін оған 500 мың теңге салған. Тауар құнын төлегеннен кейін сол картаға тура сол сомадағы қаражат түскен. Артынша банк жүйесі істен шығып, екі күн ішінде кәсіпкердің қолындағы картаға 416 млн теңге түскен.

Күдікті ақшаны білдірмей шығарып алу мақсатында оны достары мен таныстарына жібере бастапты. "Менің картам істемей қалды" деп қойып, әлгілер қайта жіберген ақшаны өзіне алып отырған. Жедел-іздестіру нәтижесінде қала ПБ жедел уәкілдері күдіктіні ұстады.