00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізге миллионға жуық қандас көшіп келуге ниетті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізге миллионға жуық қандас көшіп келуге ниетті
ашық дереккөз

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес біз қандастарға арналған «Ерулік» атты жаңа сайт аштық. Сайт қазақ және орыс тілдерінде, латын және төте жазу нұсқаларында ақпарат таратып жатыр. Мұндағы мақсат – Отанға көшіп келуге ниетті қандастарды қажетті ақпаратпен қамту. Осы орайда, елімізде сырттан келген қандастар жиі орналасатын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші көшіп келуді жоспарлаған қандастарға ақпарат түрінде ұсынылуда», – деді Мағауия Сарбасов.

Сондай-ақ қордың вице-президенті қазіргі таңда шетелде жүрген қандастарымыздың Қазақстанға көшіп келуге ниеті жоғары екенін атап айтты.

«Бүгіндері қандастарымыздың аталған сайтқа кіру саны, оқу динамакасы артып келеді. Әсіресе Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Ұлыбритания мен Германиядағы қазақтар сайтқа жиі кіретіні байқалып отыр. Демек аталмыш елдердегі қандастарымыз тарихи Отанына қызығушылық танытуда. Біздегі сараптамалық талдауға сүйенсек, бүгінгі таңда 1 миллионға жуық қандасымыз елге көшіп келуге ниетті. Каратиндік талаптар жеңілдетіліп, шекаралар ашылған кезде көш ұлғаяды деген үміттеміз», – деді КЕАҚ вице-президенті.