Киберқауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан нешінші орында
Global Cybersecurity Index рейтингісін ең алғаш 2015 жылы халықаралық телекоммуникация одағы (International Telecommunication Union, ITU) іске қосқан. Ол бүкіл әлемдегі киберқауіпсіздік деңгейі туралы ақпарат таратып, осы саланың әлсіз тұстарын жақсартуды көздейді.
Индексте мемлекеттердің міндеттері жөнінде мынадай 5 бағыт бойынша 82 сұрақ қамтылады (әр сұраққа 20 балл беріледі, барлығы – 100 балл):
- құқықтық шаралар;
- техникалық шаралар;
- ұйымдастырушы шаралары;
- әлеуетті дамыту бойынша шаралар;
- ынтымақтастық шаралары.
Біздің ел барлық өлшем бойынша айтарлықтай жоғары баға жинаған: құқықтық шаралар сегменті – 20 балл, техникалық – 19,54 балл, ұйымдастырушылық – 18,46 балл, әлеуетті дамыту шаралары – 15,15 балл, ынтымақтастық шаралары – 20 балл.
ТМД елдері арасында Қазақстаннан тек Ресей (4-орын, индекс – 98,06) жоғары тұр. Қалған мемлекеттер бізбен салыстырғанда төмен нәтиже көрсеткен. Мысалы, Әзербайжан 40-орында, Молдова 63-орында, Өзбекстан 70-орында, Украина 78-орында, Беларусь 89-орында, Армения 90-орында, Қырғызстан 92-орында, Тәжікстан – 138-орында, Түрікменстан 144-орында.
Рейтингтің көш басында АҚШ (1-орын), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Сауд Арабиясы (2-орын), Эстония (3-ші орын), ал ең соңында Солтүстік Корея тұр. Рейтингке қатысқан 194 елдің үшеуіне (Микронезия, Йемен және Ватикан) қатысты деректерді жинау мүмкін болмаған.