1 мамырдан бастап Өзбекстан бағытында жаңа әуе рейстері ашылады
Фото: Оңалхан Өнерхан
Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейтіп, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру аясында жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Биылғы 1 мамырдан бастап қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады, - делінген министрлік ақпаратында.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
24 қазан, 2025
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
