00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл басынан бері елге 13,5 мың қандас оралған

Жыл басынан бері елге 13,5 мың қандас оралған
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында Көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Этностық иммиграцияны регламенттейтін келесі бағыт шеңберінде «қандас» мәртебесін алуға өтініштерді қабылдау тетігі қайта қаралды. Мәселен, 1 шілдеден бастап Қазақстанның консулдықтары шетелдегі қазақтардың өтініштерін «Бір терезе» қағидаты бойынша қарай бастады.

Сонымен қатар, қандастарды қоныстандырудың жаңа алгоритмі қабылданды. Енді қабылдау үшін өңірді айқындау 4 негізгі санат бойынша жүзеге асырылады: жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қажетті кәсіп иелерін тарту; отбасын қауыштыру; Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама беру; даму әлеуеті бар елді мекендерге қоныстандыру», – деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің баяндауынша, жыл басынан бері Қазақстанға барлығы 13,5 мың қандас келген, оның 8,5 мыңы еңбекке қабілетті. Олардың барлығы әлеуметтік қолдау және бейімдеу, жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылған.