00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңа жылдан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы артады

23 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа жылдан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы артады
Фото: Оңалхан Өнерхан

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, еліміздің әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.

Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.