00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жұрт жат ағымның жетегінде кетпесін»: Елордада діни бағытты насихаттайтын семинарлар өтіп жатыр

26 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жұрт жат ағымның жетегінде кетпесін»: Елордада діни бағытты насихаттайтын семинарлар өтіп жатыр
Фото: дереккөз

Елорадада Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және дұрыс діни бағытты насихаттайтын семинарлар өтті, деп хабарлады Elorda.info

фф1.jpg

Халықтың діни сауатын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында өткізілген бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп өткізді. 

фф2.jpg

Іс-шара спикерлері ретінде білікті дінтанушылар, дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының теологтары, атап айтқанда, психолог, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Психология» кафедрасының оқытушысы А. Нуридинов, елордалық Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы А. Нұрахметұлы, PhD доктор, исламтанушы И. Бердалиев, психолог Ж. Сыдықова, исламтанушы Т. Қожахметова, С. Роза және т.б сөз сөйледі. 

фф3.jpg

Іс-шараға студенттер, оқытушылар, әскери қызметшілер, спортшылар, жаттықтырушылар, саудагерлер, кәсіпорын қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

фф4.jpg

Бір апта уақытқа жоспарланған бұл шара алдағы жұма күні аяқталады. Астана қаласындағы мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, сауда-саттық орталықтарында, әскери бөлімдерде лекция оқып, қарапайым халыққа діни мәселелерді түсіндіріп, дәстүрлі дініміз бен керітартпа ағымдардың парқын ашып айттық. Мақсатымыз – жұрттың жат ағым жетегінде кетуінің алдын алу, – дейді Астана қалалық Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлы. 

фф5.jpg

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ