00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Суфражистер феминистерден асып түскен жоқ па?

30 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Суфражистер феминистерден асып түскен жоқ па?
Фото: wikipedia.org

Twitter-ден суфражист әйелдің бір ғасыр бұрынғы мына жазбасын көріп қалдық. Күйеуге шығатын жас қыздарға ақыл-кеңес беріпті. Ерлерді сойып салыпты. Қызық болсын, айтылған жайттардың бірқатары бір ғасырдан кейін де актуальдығын жойды ма, жоймады ма, оны патша көңіліңізбен сараптап көріңіз. Әуелі суфражистің кім екеніне түсініктеме бере кетейік. Ол – әйелдерге сайлау құқығын алып беру қозғалысының қатысушысы. Суфражистер жалпы саясат пен экономикадағы әйелдерді кемсітушілікке қарсы. Бұл термин 1903 жылы іргесі қаланған әйелдердің саяси-экономикалық одағы қозғалысына да қатысты пайда болған, деп жазады Elorda.info

пцуппп.jpg

Сонымен, суфражист не деді? Уэлстегі Понтипридда музейінде 1918 жылы қойылған қағаз қиындысында былай деп жазылған: 

Күйеуге шығатын қыздарға кеңес:

1. Күйеуге шықпасаңыздар да болады;

2. Егер шығатын болсаңдар, сұлу, кезбе, сәнқой және футбол жанкүйерлерінен аулақ болсаңыз;

3. Айтқанға көнетін, айдағанға жүретін, көмір өндіретін, терезе жуатын, аула сыпыратын ерлерді іздеңіздер;

4. Көп қиналмаңыз, еркектердің басым көпшілігі - жалқау, өзімшіл, жеңілтек, өтірікші, ішкіш, ебедейсіз, аяғын басып болмайтын және жазалауды қажет ететін жандар; 

5. Көптеген бойдақ сондай, қалғандары одан асқан болуы мүмкін;

6. Егер ол бақытты болсын десең, оны тамақтандыр;

7. Бұл ескертпелерді иттерге де айтуға болар еді;

8. Ал ең тиімдісі - тәуекелге бармау.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ