Шомылу маусымы басталғаннан бері 35 бала суға батып кетті
17 шілде, 2024
Торғын Аман
фото: ҚР ТЖМ
Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. Бұл туралы Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/810299?lang=kkсілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге өсуде. Алайда балалар өлімінің күрт өсуі үлкен алаңдаушылық тудырады. Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкеліп жатыр.
«Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамды, оның ішінде 38 баланы құтқарды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады