Павлодар облысында орманшылық аумағына өрт шықты
6 маусым, 2024
Торғын Аман
коллаж Elordainfro.kz
Павлодар облысы Шарбақты ауданында жасөспірім орманшылықтағы құрғақ шөпті өртеп жіберді, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда Шалдай орманшылығы №124 орамының орман алқабында құрғақ шөптің жану фактісі тіркелді. Өрт сөндіруге Шалдай орманшылығының үш техникасы мен 10 адам жұмылдырылған. Өрттің ауданы 0,01 гектар аумақты құрады.
Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, «Ертіс орманы» табиғи резерваты және полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың өртке қатысы бар екенін анықтады.
ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес баланың заңды өкілі 36 920 теңге айыппұл төледі.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады