00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

31 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін
Фото: ТАСС

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ақпаратты Әділет министрлігі растады.

Қазір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

Депутаттар бастама жасаған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр. Онда Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ, оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген, - делінген министрлік хабарламасында.