00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

18 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады
коллаж Elordainfro.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылық пен өзге де күштік құрылымдардың атынан алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, түрлі хабарламалар жіберіп жатқанын ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Алаяқтар атап айтқанда, телефон қоңырауын шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді.

Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді.

ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі (қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері).

«ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ. Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.