Қызылордада 2 мыңнан астам тағам атауын қамтыған сөздік жарыққа шықты
27 тамыз, 2024


Фото: Қызылорда облысы Тілдерді Оқыту Орталығы
Қызылорда облыстық Тілдерді оқыту орталығының бастамасымен «Тағам атауларының сөздігі» жарыққа шығып, оқырманға жол тартты, деп хабарлады Elorda.info.
Орталық жанынан құрылған Ғылыми кеңес төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов пен Кеңес мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасиловтың қатысуымен дайындалған кітапта ас-ауқат атауларының қазақша – орысша нұсқасы топтастырылған.
«Аталмыш сөздік аясында Кеңес мүшелері қоғамдық тамақтану орындарындағы тағам атауларын қазақшалау мақсатында 2052 тағам атауын республикалық терминология комиссиясына ұсынды. Сол ұсыныс негізіндегі қазақша тағам атауларының 271 -і ресми түрде бекітіліп, www.termincom.kz сайтында жарияланды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

5 маусым, 2025
Биыл мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 288 мыңнан астам қызмет алды

4 маусым, 2025
Зауыттағыдан 5 есе қымбат: Аймағамбетов дәрі бағасының қымбаттығын сынады

4 маусым, 2025
Науқастар үшін ауадай қажет дәрілер тіркелмей қалады – Асхат Аймағамбетов

4 маусым, 2025
Конституцияның отыз жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады