00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҚМДБ су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тоннадан астам көмек көрсетті

10 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚМДБ су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тоннадан астам көмек көрсетті
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет ОКҚ алаңында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, 1 сәуір күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлері және облыстық бас имамдардың онлайн қатысуымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек көрсету жөнінде арнайы жиналыс өткізген.

Су тасқыны орын алған алғашқы күннен бастап ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры, Жастар кеңесі мен Жастар секторының еріктілері апатты аймақтарға жұмылдырылды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарына 100 тонна ұн, 860 қап ұн-жарма, 4 448 литр күнбағыс майы т.б. жеткізілді. 60 «Газель» мен 13 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмекке азық-түліктен өзге тұрмыстық заттар мен түрлі құралдар да енді. Яғни, жоғарыда аталған аймақтардың тұрғындарына 2 993 төсеніш, 32 304 тұрмыстық зат, 5 қайық, 3 дана қайыққа арналған қозғалтқыш, 2 дана жарық генераторы, 1 776 резіңке етік, 54 098 құрал-сайман табысталды. Сондай-ақ 2 492 адамға күнделікті ыстық тамақ берілуде. Қайырымдылық шараларына ҚМДБ-ның 1 113 қызметкері атсалысып жатыр, – деді Н.Есмағанбет. 

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қажетті заттарды сатып алу үшін басқа облыстардан қосымша 23 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.