00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды

24 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды
Оңалхан Оңерхан

Қазақстанда алғаш рет ұрықтың несеп шығару жүйесінің туа біткен ақауларын түзету үшін жатырішілік ота жасалды.  Операция шетелдік мамандардың қатысуымен UMC клиникасының базасында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Жүктіліктің 19-шы аптасында ұрықтың даму ақауы анықталды. Пренаталдық консилиум ұрықтың қуығын жатырішілік дренаждау қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Бұл өкпе гипоплазиясының алдын алу және болашақ нәресте бүйрегінің қалыпты жұмысын сақтау үшін қажет.

«Операция сәтті өтті. Пациенттің жағдайы тұрақты, ұрықтың дамуын динамикалық байқау мен бақылау жоспарланған. Феталдық хирургия - жаңа туған нәрестелердің өлімі мен мүгедектігінің алдын алу үшін жатырішілік операциялар мен инвазивті араласуларды қамтитын медицинадағы жаңа бағыт. Мұндай емшаралар әлемнің жетекші медициналық орталықтарында жүзеге асырылады», - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Енді мұндай жедел оталар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жүзеге асырылады, онда бұл үшін барлық жағдай жасалған. Болашақта мұнда диафрагмалық жарықты, ТТС синдромын, сегізкөз-құймышақ тератомасын және тиімділігі әлемдік клиникалық практикамен дәлелденген басқа да даму ақауларын түзету бойынша операциялар жүргізу жоспарлануда.