Көз ілмеген – көз жұмады: Ішкі істер министрлігі ескертеді (ВИДЕО)

Бүгін, 18:14
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Көз ілмеген – көз жұмады: Ішкі істер министрлігі ескертеді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды ескерту жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жауапкершілік болмаса, жол қауіпті аймақ болып қала бермек. Белгіленген жылдамдық режимін сақтау мен демалысқа үзіліс жасау жай ғана кеңес емес, бұл өмірлік маңызды қауіпсіздік шаралары.  

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың 60%-ы – қала сыртындағы жолдарда болған апаттардың құрбандары, ал олардың ішінде әрбір үшінші адам жылдамдықты асыру салдарынан апатқа ұшыраған. Ауа райының қолайсыздығы, бұрылыстар немесе көріну жағдайының төмендігі де қауіп тудыруы мүмкін.  

Сондай-ақ демалыс режимін сақтау өте маңызды. Шаршаған жүргізуші – жолдағы қауіптің бір түрі. Ұйқының қанбауы мен ұзақ уақыт тоқтаусыз көлік жүргізу адамның зейінін төмендетіп, реакциясын баяулатады, бұл өз кезегінде жолда қателік жасау қаупін арттырады, - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: көлік тізгінінде сіз тек өз өміріңіз үшін ғана емес, жолаушылардың, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де жауаптысыз.