ҰҚК шекарадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болғандарды ұстады
30 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info.
Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды. Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады, - деді ҰҚК өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады