Күре жолдарды қар басудан қорғайтын жаңа технология сынақтан өтіп жатыр
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.
Мәселен, елімізде шығарылған жолдарды қар басудан қорғайтын заманауи қоршаулар сынақтан өтуде. Модульдік конструкция "Астана-Павлодар" республикалық маңыздағы күре жолының 24 шақырымында (Қоянды ауылы қасындағы көлік айрығынан кейін) орнатылды.
Жаңа «КТ-63» қоршауларының ең басты артықшылығы — олар коррозияға төзімді материалдардан жасақталған, - деп жазды ведомстводан.
Тиісінше, бұл қоршаулардың қызмет ету мерзімі де ұзағырақ. Темірбетоннан жасалған арнайы қоршаулармен салыстырғанда, бұл қоршауларды орнату оңай және техникалық қызмет көрсетіп, күтіп-ұстауды қажет етпейді.